АЛМАТЫ: 23 қаңтарда бүкіл мұсылман дүниесі үшін қажылық басталады. Сауд Арабиясы үкіметінің мәліметі бойынша, биыл қажылыққа 3 млн-нан астам халық келмекші. Қазақстанның бас мүфтиі Әбсәттәр қажы Дербісәлінің хабарлауынша, республикадан биыл 320 кісі қажылыққа аттанады. Биыл Қазақстан мұсылмандары үшін қажылықтың шығыны 2 мың АҚШ долларын құрап отыр. Бас мүфти Әбсәттәр қажының айтуынша, қажылықтың шығыны бүкіл әлемде өскен. Оның есесіне әлгі шығын дәрігерлік көмек, тілмәш және жолсерікті де түгел қамтиды.