Қаңтардың 22-і күні Парламент Сенатының депутаты Қуаныш Сұлтановтың «Мүдделер тоғысы» атты кітәбінің тұсаукесер рәсімі өтті. Автордың бұл кітәбінда 1995-2001 жылдар аралығында Қытай Халық Республикасындағы Қазақстанның төтенше және өкілетті елшісі болып жүрген қызметі кезінде алған әсерлері, жолжазбаларымен қатар тарихи деректер де берілген. Кітәпта Қытай Халық Республикасының Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданына арналған деректі суреттемелер кеңінен қамтылған.
Автор Шыңжаң өлкесінің Қазақстанның геосаяси жағдайы үшін ерекше маңызды екенін атап көрсеткен.
- Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-саттық қарым-қатынастың 85 пайыздан артығы Шыңжаң жері арқылы жүреді. Қазір Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда –саттық көлемі 2 миллиард долларға жуықтаған болатын болса, соның ең негізгі бөлігі Шыңжаң жері арқылы жүреді. Біз ішкі Қытайға да Шыңжаң жері арқылы барамыз. Өйткені, көлік, темір жол, әуе жолдары барлығы да осы Шыңжаң арқылы өтеді. Біздің екі ортадағы шекара көлемі 1748 шақырым. Осы Шыңжаң жері арқылы теңіз жағалауына да барамыз. Болашақта мұнай құбырын салатын болсақ, мұнай құбырын Шыңжаң жері арқылы өткізіп, Ланжу деген жер арқылы Қытайдың оңтүстігіне, одан әлемдік теңізге шыға аламыз, - деді Қуаныш Сұлтанов.
Автор қазақ-қытай қарым-қатынасының жылдан-жылға дамып келе жатқанына маңыз аударып, мына жайттармен бөлісті.
- Алғашқы 1993-1994 жылдың қортындысы бойынша екі мемлекет арасындағы сауда-саттықтың көлемі 100 миллионға да жетпген. Он жыл өткен соң 1,5 миллиард дәрежесіне көтерілді. Ең алғашқы кезде Қазақстанға келеміз деген қазақтарға тосырқай қараған болса, қазір ол Қытайдың өзінде үйреншікті жағдай болды. Келем деген қазақтарға мүмкіндік жасалып жатыр. Алтай жерінде жеті атасынан бері қарай, одан арғы ата-бабасынан бермен қарай тұрып жатқан қазақтармен кездескем. Сол қазақтар Қазақстанға көшесіңдер ме деген сұраққа мен неге көшем, балаларым да осында деген де адамдар болды, - деді Қуаныш Сұлтанов.
Кейінге шегініс жасар болсақ, 1992–ші жылдың қаңтар айының 3-і күні Қазақстан мен Қытай арасында ресми түрде дипломатиялық қарым-қатынас орнату туралы келісімге қол қойылған болатын. Сол жылдың желтоқсан айында Қытай Халық Республикасындағы Қазақстанның бірінші елшісі бекітілген еді.