ЛОНДОН: Британ премьер-министрі Тони Блэр Ирақта 1 шілдеге тікелей сайлау өткізу іс жүзінде мүмкін емес деп санайды. Тікелей сайлауды дереу өткізуді Ирақтағы шеиттердің рухани көсемі аятолла Әли Ас-Систани талап етуде. Ирақта террористік шабуылдар тағы жиілеп кетті. Өткен тәуліктерде ғана 9 кісі оққа ұшып, 11-і жараланды. Әл-Фаллуджа, Баакуба және Әл-Хаббаниа қалаларындағы шабуылдардан жаңа шеккендердің арасында ирақтықтар мен АҚШ жауынгерлері де бар.