Страсбургте орналасқан Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясы сейсенбі күні Әзірбайжанды адам құқықтарын қорғау жөнінде өз мойынына алған міндеттерін орындамағаны үшін ауыр сын астына алды. Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясы Әзірбайжан үкіметінен түрмеде отырған барлық саяси тұтқындарды босатуды талап етті. Сонымен қатар Кеңес Әзірбайжан үкіметінен алдағы бірер ай ішінде бұл елдегі демократиялық институттарды еуропалық талаптарға сай келтіруге шақырды. Егер де Әзірбайжан бұл талаптарды орындамаса онда Еуропа Кеңесі бұл елге қарсы санкциялар салатынын ескертті. Алайда, ол қандай санкциялар екені ашық айтылған жоқ. Әзірбайжан Еуропалық Кеңеске 2001 жылы қабылданған. Сейсенбі күні Еуропалық кеңес атынан сөйлеген швейцариялық депутат Дик Марти былай деді:
"Біз де сайлау нәтижесі бұрмаланғаны туралы нақты деректер бар, саяси қарсыластардың қудаланғаны, әділ соттың болмағаны белгілі. Соның салдарынан бүгінде Әзірбайжан түрмелерінде көптеген саяси тұтқындар отыр."
Әзірбайжандағы саяси тұтқындар мәселесі осымен Стразбургте бірнеше рет талқылануы. Әзірбайжан үкіметі болса абақтыға отырғызылғандар қылмыскерлер деумен келеді. Еуропа Кеңесі болса олар саяси тұтқындар деп біледі. Еуропа Кеңесі тарапынан қысым бола бергеннен кейін Әзірбайжан үкіметі бірнеше саяси тұтқынды түрмеден босатты. Алайда, Әзірбайжандағы құқық қорғау ұйымдарының деректері бойынша Әзірбайжан түрмелерінде жүздеген саяси тұтқын бар. Еуропа Кеңесі Әзіібайжан президенті Илхам Алиевтың алдына 6 кісіні дереу босатуды талап етіп қойды. Олар бұрынғы қорғаныс министрі Рахим Қазиев, бұрынғы жікшіл лидер Аликарам Хунматов, бұрынғы үкімет басы Сурет Хұсейнов, бұрынғы қазақ деп аталатын арнаулы әскердің қолбасшысы Елчин Әмірарысланов, бұрынғы полиция офицері Ариф Қазимовтар.
Өткен аптада Нью-Йоркте орналасқан Хюман Раитс Воотш құқық қорғау ұйымы даулы сайлау арқылы билікке келген Әзірбайжан президенті Ильхам Алиев билікке келгеннен бастап өз саяси қарсыластарын қудалаумен келеді деп мәлімдеді. Осы ұйымның дерегі бойынша Ильхам Алиев президент болып сайланғаннан кейін ең кем дегенде 700 кісі тұтқындалған. Солардың 100 ден астамы әлі де абақтыда отыр. Оның ішінде оппозициялық Мусават, Демократиялық, Үміт және Халық партияларының жетекшілері бар.
Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының даниялық өкілі Сорен Сондергаардтің пікірі:
"Біздіңше мәселе айқын. 1-ші. Кез-келген Еурокеңеске мүше елде саяси тұтқын болмауы керек. 2-ші. Әзірбайжан Еурокеңеске мүше ел. 3-ші. Әзірбайжанда саяси тұтқындар бар. Демек, мәселені шешудің 50 емес, жалғыз ғана жолы бар. Ол - барлық саяси тұтқындарды босату."