Accessibility links

Қазақстанда жыл сайын жол апатынан 14 мыңнан астам адам жарақат алып, қаза табады


Солардың көпшілігі балалар. Осындай жол апаттарына тап болғандар көбінесе дағдарысқа түсіп, моральдық, материалдық қиындықтарға ұрынады. Жол апатына тап болғандарға материалдық көмек көрсету мақсатында ҚР аумағында өткен жылдың 19 желтоқсанында Қоғамдық қор құрылды. Ондағы негізгі мақсат, қайырымдылық көмек арқылы жүргізушілер мен жолаушыларға, жол апатынан зардап шеккен жаяу жүргіншілерге қолұшын беру. Мұндай бағдарламаны жасаудың мәнісі сол, оған қатысушы барлық жүргізушілер өз үлестерін қосып, қордың қалыптасуына атсалысады. Сол арқылы жол апатына душар болғандарға адрестік көмек көрсетіледі.

Осыған орай құрылған сақтандыру компаниясы тең әріптес ретінде «Е-40» бағдарламасына қатысып, сақтандыру полистерін ұсынады.

Әлемдік тәжірибе көрсеткеніндей, қазіргі қоғамда халыққа көмек қолдау ретінде әлеуметтік сақтандыру компаниялары артып келеді.

Осыған ұқсас Қазақстанда құрылған АТФ ПОЛИС компаниясы өз тұтынушыларына барынша сапалы қызмет көрсетіп, күтпеген жағдайларда ұшырасып қалатын оқиғалардан қорғау мақсатында көмекке келеді.

Бұл тұрғыда Алматы қалалық жол полициясы басқармасының өкілі Серік Қайназаров осы кезеңде Қазақстанда орын алып отырған жол апаттарының көбею себептеріне тоқталды. Осыған орай бірқатар мәліметтерді алға тартты.

АТФ ПОЛИС компаниясының басшылығы мұндай қайырымдылық шаралары әрбір сақтандыру саласының құрамдас бөлігі болуы тиіс деп санайды.
XS
SM
MD
LG