Аталған еңбек Қазақстанның жоғары оқу орындарында Адам даму бағдарламасы курсын енгізу жөніндегі БҰҰ-ның Даму бағдарламасы жобасы аясында дайындалды. Кітаптың жалпы редакциясы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық университетінің ректоры, ҰҒА-ның мүше-корреспонденті Нұрғали Мамыров пен БҰҰ-ның Даму бағдарламасы жөніндегі Қазақстандағы тұрақты өкілі, БҰҰ жүйесінің үйлестірушісі Фикрет Акчураның басқаруымен жарық көрді. Адам дамуы жөніндегі еңбекті шығаруды ТМД аумағында Қазақстан екінші болып қолға алды. Бұдан бұрын 2000 жылы Ресейде жарық көрген. «Енді кітаптың қазақ тіліндегі нұсқасы дайындалу үстінде. Ол жыл аяғына дейін қолға тиіп қалады», - деді Н. Мамыров.