Бүгін жұмадан бастап, Петропавл нан-тоқаш өнімдері комбинатының фирмалық дүкендерінде 1-сортты ұннан жасалған нанның бағасы екі теңгеге арзандатылады. Солтүстік Қазақстан облысы әкімі Тайыр Мансуровтың айтуынша, бұл шара қала тұрғындарының арыз-шағымдарына орай жасалып отыр екен.