Естеріңізге сала кетсек, жер кодексі өткен жылдың 20-ыншы маусымында қабылданған болатын. Осы кодекстің негізігі ережелерін іске асыру аталған агенттікке және жергілікті атқарушы билікке жүктелген еді. Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттіктің төрағасы Бақыт Оспановтың айтуынша, кодекстің жұмыс істеуі үшін үкіметтің 13 қаулысы қабылданған және түсіндіру жұмыстары жасалыпты.
Алайда, Мәжіліс төрағасының орынбасары Мұхамбет Көпеевтің айтуынша, шаруаларды айтпағанда, депутаттардың өздеріне түсініксіз мәселелер көп.
Бақыт Оспановтың айтуынша, барлық облыс-аудандарда бұл мәселеге байланысты кездесулер болған.
Алайда, Мәжіліс депутаты Николай Шербининның айтуынша, жергілікті жердегілердің орталық газеттерді жаздырып алуға мүмкіндіктері жоқ түсіндіру жұмыстары жүргізілмейді.
Үкімет сағатында депутаттар агенттік төрағасына бір қойылған сұрақты қайталап қойып жатты. Мәжіліс депутаты Владимир Асанов бұл жағдайды соқыр мен мылқаудың әңгімесіне теңеді. Оның айтуынша, жер кодексін іске асыруды селолық әкімдердің өздері түсініп отырған жоқ.
Көп сұрақ туғызған мәселе, шартты жер үлесі бар азаматтардың меншік иесіне айналуының құқықтық негіздерін іске асыру тетіктеріне қатысты болды. Бақыт Оспановтың айтуынша, шаруашылық нысандарға берілген шартты жер үлестерінің иелері 2005 жылдың бір қаңтарына дейін өздері таңдау жасауы керек. Оның айтуынша, ондай азаматтардың өз үлестерін жекеменшікке алуға, өз шаруашылықтарын ұйымдастыруға, сондай-ақ жарна немесе үлес ретінде жарғылық капиталға өткізуге құқықтары бар.
Сондай-ақ оның айтуынша, бұл мәселелерді іске асыру тетігі жер кодексінде емес азаматтық кодексте қаралған. Шарты жер үлесі бар азаматтардың саны 628 мың.
Ал, депутат Владимир Асанов, ондай азаматтардың саны 2 миллион 300 болғанын, қазіргі уақытта олардың саны 1,5 миллион екенін айтты. 2005 жылдың бірінші қаңтарына дейін бұл азаматтар шартты жер үлестерін ресімдемесе, ол адамның жері мемлекеттік қорға автоматты түрде ауысады, -дейді депутат Асанов.
Ал, Мәжіліс депутаты Хайрат Шалабаевтың айтуынша, шарты жер үлесті жарғылық капиталға салу үшін ол жерді сатып алу керек, ал оны сатып алатын шаруаның ақшасы жоқ.
Бақыт Оспановтың айтуынша, жаңа жылдан бастап 1300 гектар ауылшаруашылық жері жекеменшікке сатылған.