АЛЖИР: Мұнай өндірудің мөлшерін өзара келісу мақсатында Алжирде мұнай экспорттаушы елдердің ұйымы – ОПЕК-ке мүше елдер министрлерінің мәжілісі өтуде. Соңғы рет күнделікті өндірістің көлемі күніне 24 млн. баррельге дейін қыркүйекте төмендетілген болатын, нәтижесінде шикізат бағасы 20 пайызға өсті. Сарапшылардың пікірінше, көктем мен жазда шикізатқа деген сұраныстың төмендеуі салдарынан, ОПЕК мұнай өндірісінің көлемін қазіргі деңгейінде қалдырады.