БҰҰ. БҰҰ-ның Бас хатшысы Кофи Аннан грек, түрік болып екіге бөлінген Кипр аралы араға 30 жыл салып қайта бірігуге жақын деп мәлімдеді.
"Мен мамырдың 1-не дейін Кипр қайта бірігеді деген сенімдемін."
БҰҰ аясында 3 күнге созылып кеше кешкісін аяқталған Кипр түріктері және Кипр гректері жетекшілерінің тарихи келіссөзі алдағы бейсенбіде қайта жалғасатын болды. Мақсат Кипрдің қайта бірігу жоспарын наурыздың 22-не дейін аяқтау. Түркия сыртқы істер министрі Абдулла Гул бұл шешімді зор қошеметпен қарсы алды.