Бұл жолғы басқосуда энергетика саласындағы ынтымақтастықты дамытудың нақты шаралары, оның ішінде Қырғыз республикасы мен Тәжік республикасының су энергетикалық қорын пайдалану мәселесіне баса назар аударылмақ. Мұрат Бөлдекбаевтың айтуынша, жұма күнгі мәжіліске Ресей, Белорусь, Қазақстан, Қырғыстан және Тәжікстанның үкімет басшылары қатысып, өз елдеріндегі экономикалық жағдай туралы қысқаша баяндама жасап, мемлкетаралық келісім-шарттарға қол қоймақшы. Мәжіліс жұма күні аяқталады. Алайда осы Еуразиялық экономикалық қоғамдастық туралы Қазақстан Президенті жанындағы қазақстандық басқару экономика және болжау институты, яғни КИМЭП тің департамент директоры Үсен Сүлейменов «Бұл ұйым бұрынғы Кеңес Одағының құрамында болған бес мемлекеттің экономикасы үшін, халқының жақсы тіршілік етуі үшін пайдалы болмақ» деген пікір айтқанымен, белгілі саясаткер Балташ Тұрсымбаев мұндай пікірмен мүлде келіспейді екен. Балташ Тұрсымбаевтың айтуынша, бұрынғы Кеңес кеңістігінде мұндай ұйымдар көптеп құрылғанымен, оның қоғамға берген аса үлкен пайдасы болмаған. Балташ Тұрсымбаев бұл ұйымның жақсы жұмыс істеп, Қазақстанға пайда әкелетіндігіне күмәнмен қарайды. Бұл орайда ол осы Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың Еуропа одағынан үйренері көп деп есептейді.
Алматыда Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше елдердің Үкімет басшыларының кезекті мәжілісі өтеді
- Досан БАЙМОЛДА
Ақпанның 27 інде Алматы қаласында Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше елдердің Үкімет басшыларының кезекті мәжілісі өтпекші. Бұл туралы радиомызға Қазақстан Үкімет басшысының баспасөз хатшысы Мұрат Бөлдекбаев хабарлады. Оның радиомызға берген ақпаратына сүйенсек, Алматы басқосуында Еуразиялық экономикалық қоғамдастық аясындағы өзара ықпалдастықты тереңдету жөніндегі кең ауқымды мәселелер қаралмақшы.