Отырыс соңында журналистердің сұрақтарына жауап берген қауымдастыққа мүше мемлекеттердің үкімет басшылары аталған бағыттар бойынша қазірде біраз келісімдерге қол жеткізілгенін атап өтті. Оның ішінде, Қазақстан республикасының премьер- министрі Даниял Ахметовтың айтуынша, бүгінгі басқосуда тараптар Еуразия экономикалық қауымдастығына мүше мемлекеттер дүниежүзілік сауда ұйымына кіруде өзара іс- әрекеттерін үйлестіріп отыруға келіскен. Келісімге сай, алда қауымдастық жанынан құрылған жұмысшы топтар осы мақсаттағы жоспарлармен, ақпараттармен ай сайын алмасып, кеңесіп отыратын отыратын болады. Жалпы, дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге қатысты біз нақты Ресейдің ұстанымын қолдаймыз деп шегеледі сөзін Даниял Ахметов. Ал, кеден мәселеріне қатысты, Қазақстан үкімет басшысының айтуына қарағанда, республика тарифтері қазірде қауымдастыққа мүше мемлекеттердің тарифтерімен 56 процентке сәйкестендірілген. Әрине, бұл салада проблема бар, бүгінде ол мәселерді шешу жолдарын біз нақты көріп отырмыз , бұл бойынша да жұмысшы топтар жұмыс істеп жатыр деді Даниял Ахметов. Осы отырысқа қатысқан Ресей Үкімет төрағасының міндетін уақытша атқарушы Виктор Христенкоға да қойылған сұрақтар өте көп болды. Оның бір тобы, бұрынғы Ресей үкімет командасының қызметтен босатылуына байланысты жаңа үкіметтің алда ұстанатын бағыттарына қатысты , әрине, бірақ мұндай сұрақтарға Виктор Христенко , бұл басқосудың Еуразиялық экономикалық қауымдастық шеңберінде өтіп жатқанын еске сала отырып, жалпы Ресей экономикасына қатысты да бұған дейін ел президентінің үкімет алдына қойылған тапсырмаларының орындалу деңгейі жақсармаса, төмендемейді деп сендірді.
Энергетика саласындағы келісімдерге қатысты басты назар аударатын мәселе бұл , бұдан бұрындары да көтеріліп жүрген Екібастұз энергетика кешенін Ресей мен Қазақстанға ортақ ету жайы болса керек. Қазақстан үкімет басшысы Даниял Ахметовтың айтуынша, аталған мәселе қазір шешілу алдында тұр. Бұ мәселенің әлі де нақтылануы тиіс кейбір техникалық жағы ғана қалған.Сонымен қатар, Тәжікстан мен Қырғызстанның су ресурстарын тиімді пайдалануда Қырғызстанда гидроэнергетикалық кешен салуға байланысты да қазір техникалық жұмыстар жүргізілуде. Өз кезегінде Виктор Христенконың айтуына қарағанда, нақ осы техникалық жұмыстар аяқталғаннан кейін ғана бұл жобаны жүзеге асыруға қанша қаржы қажеттілігі,жалпы жобаға қатысатын мемлекеттер үшін оның қаншалықты тиімді болатыны белгілі болады. Ал бұл жұмыстар алдағы көктем айларында аяқталады деп күтілуде. Сондай-ақ Виктор Христенко аталған жобаны жүзеге асыруға әсіресе, Ресей жағының қызығушылығы мол екенін атап өтті.
Жалпы алғанда, жоғарыда аталған бағыттар қауымдастыққа мүше мемлекеттер президенттері өткен жылдың көкек айында бекіткен ЕУРАЗЭС ұйымының 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасында басым бағыттар ретінде белгіленген.