Мұндай мәлімдеме аталған елдің БҰҰ Атом енергиялық агенттігімен әріптестігіне орай әзірленіп жатқан қарар жобасына байланысты жасалып отыр. Осы орайда агенттік жетекшісі Мұхамед Ел-Барадей:
“Қазіргі кезде Иранның ресми өкілдері агенттікпен өте жақсы жағдайда әріптестік құрып отыр. Олардың барлық ядролық бағдарламаларының тек бейбіт мақсатқа бағытталғанын айқындау жолында осындай әріптестіктің одан әрі жалғасатынына сенім білдіреміз-, деген еді агенттік басшысы. Агенттіктің осы тақырыпқа арналған Венадағы басқосуы бүгін одан әрі жалғасуда.