Accessibility links

Қазақстандағы билік басындағы өзгерістерге байланысты кейбір саясаткерлер мен сарапшылар өз пікірлерін білдіре бастады


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев тарапынан наурыздың 10 ы күні жасалған билік басындағы өзгерістер туралы кейбір қазақстандық сарапшылар бұл мүлдем ешкім күтпеген шешім болды деген пікір білдіре бастады. Сондай пікір білдірушінің бірі, Республикалық «Асар» партиясының төрайымының бірінші орынбасары, Жаңа заман саяасаты атты халықаралық институттың бас директоры Ерлан Қаринның айтуынша көптен бері жоғарғы билікте қандай бір өзгерістер болуы мүмкін деген сыбыс, әңгіме айтылып жүрсе де бірақта осы жолғы жұмыстарынан өзгерген Нұртай Әбіқаев не Оралбай Әбдікәрімов не Иманғали Тасмағанбетов туралы ешбір әңгіме болмаған.

Нұрсұлтан Назарбаев осындай ешкім күтпейтін шешімдер қабылдайтыны арқылы кадр саясатында өзінің шебер екендігін осы жолы тағы бір көрсетіп берді - дейді Ерлан Қарин.

Оның айтуынша Сенат төрағасы болып істеген Оралбай Әбдікәрімов тұсында Сенат беделі недәуір төмендеп кетті, сондықтан да алда келе жатқан сайлаулар алдында Сенат беделін көтеретін тұлға керек болды. Ол өзінің ең жақын адамы, адал досы бұған дейін президент аппаратының басшысы болып істеп келген Нұртай Әбіқаевты таңдады да оны Сенат Төрағасы қызметіне қойды. Ал денсаулық жағдайын сылтау еткен, байсалды, өзіне адал қызмет етуші Оралбай Әбдікәрімовты мемелекеттік хатшы етіп тағайындады.

Ерлан Қаринның айтуынша сарсембі күнгі тағайындаулар арасынан ең дұрыс шешім ол Иманғали Тасмағамбетовты президент аппаратының жетекшісі ғып тағайындағандығы. Бұл өте оңды шешім дейді ол. Алайда саясаткер, тәуелсіз бақылаушылар жүйесінің президенті Дос Көшімнің пікірінше осы үш тұлғаның арасынан дұрыс орын таба алмағаны ол Иманғали Тасмағамбетов көрінеді. Түптің түбінде алда келе жатқан сайлау алдындағы негізгі ойынды осы И. Тасмағамбетов пен Н.Әбіқаев екеуі ойнайды -дейді ол. Қоғам қайраткері Балташ Тұрсынбаев болса билік басындағы бұндай өзгерістерге онша мән берудің қажеті жоқ, өйткені үш адамды бір бірінің орнына ауыстырып қойғаннан ешбір нәрсе өзгермейді, бұрынғы жартас сол жартас болып қала береді деген пікір айтады.
XS
SM
MD
LG