ПАРИЖ: Бүгін Францияда билік басындағы оңшыл-центристер партиясының тағдыры шешілетін аймақтық сайлаудың екінші сатысы өтуде. Сайлаудың осыдан 1 апта бұрынғы бірінші сатысында премьер-министр Жан-Пьер Раффареннің коалициялық үкіметі 34 пайыз дауысымен 40 пайыз дауыс алған социалистер мен коммунистерге және “табиғат қорғаушыларға” есе жіберді. Франсұздарды жұмыссыздықтың өсуі мен үкіметтің денсаулық сақтау мен зейнетақы жүйелерін реформалау жоспары алаңдатуда.