Сондай пікірді білдірушілердің бірі саясаткер Дос Көшім, Өзбекстанда орын алған жағдай онымен көршілес елдерге ең алдымен Қырғызстан мен Тәжікстанға әсер етуі мүмкін дегенді айтады. Ал, саясаткер Ерлан Қаринның пікірінше Қырғызстан мен Өзбекстан және Тәжікстанда ұйымдасқан аймақтық деңгейдегі топтар бас көтеруі мүмкін ал Қазақстанда бұндай жағдай бола қоймайды тек жеке адамдар тарапынан қандай бір көріністер болуы мүмкін көрінеді. Өзбекстанда қатаң биліктің болуы, ал демократияның болмауы және елдегі әлеуметтік- экономикалық жағдайдың төмендеуі халық арасында наразылықтардың тууына апарып бұны кейбір экстремистік пиғылдағы топтар өз мүдделерін іске асыру мақсатына пайдаланып кетуі әбден мүмкін дейді Ерлан Қарин.
Қазақстандағы тәуекелшілдікті бағалау тобының жетекшісі, саяасаткер Досым Сатпаевтың айтуынша Өзбекстанда орын алған жарылыстарға әлем онша таң қалмады. Себебі, соңғы жылдары Өзбекстан әлемде террорлық қауіп қатер тууы мүмкін елдер арасында үнемі алдыңғы орнда болып келді. Сондықтан да бұндай жағдай орын алууы мүмкін еді. Өзбекстан 1999 шы жылғы яғни осыдан 5 ыл бұрынғы террорлық жарылыстардан қортынды жасамады, яғни сол террорлық жарылыстардың себептерін, факторларын зерттеп, оны болдырмаудың жолдарын іздестіріп, жеткілікті жұмыстар жүркізген жоқ, сондықтан да екінші рет осындай жарылыстар орын алып отыр дейді Досым Сатпаев.
Соңғы күндері Өзбекстанда орын алған жарылыстарға байланысты біз пікірлерін сұраған қазақстандық сарапшылар әртүрлі пікірлер білдірді. Мәселен, ресми Ташкент бұл жарылыстар осы жолы Хизбут-тахрир секілді діни ұйымдардың ілімін қолдаушылар тарапынан іске асырылған болуы мүмкін деген мәлімдемесін таратса, қазақстандық сарапшылар бұны Өзбекстанның ішкі саяси жүйесіне, сондағы қатаң билікке наразы басқадай топтар тарапынан іске асырылған болуы да мүмкін екендігін жоққа шығармай отыр.