Өз кезегінде Қазақстанның Павлодар және Қостанай облыстары Ресей мамандарына жұмыс табуға қолғабыс көрсетуге тиіс. Қазірдің өзінде, Қазақастанға Ресейден келіп, байқау арқылы фирмалар мен компаниялардың бөлім басшылары болып, техникалық директорлар мен басқарушылар болып жұмыс істеп жатқандар бар. Осыған орай, санақ мәліметінше, соңғы уақытта Қазақстанға көшіп еліп жатқандар саны ұлғайған. Қазақстанның көші-қон және демография агенттігінің басқарма бастығы Аслан Қаржаубаев та бұл мәліметті құптап отыр.
Қазақстан үшін, кетушілер азайып, келушілер көбейіп келеді.
Дегенмен, Қазақстаннан Ресейге кетіп жатқандар да жоқ емес. Көрші елдерде туыстары барлар, Ресейге көшуге ниет білдіріп жұмыспен қамту департаменттеріне келетін көрінеді. Қазақстандықтардың көбі тұрғын үй мәселесін шешуді мақсат етеді,-дейді Павлодар облысының жұмыспен қамту департаментінің маманы Айгүл Таржакаева.
Павлодар облысымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеп жатқан Ресейдің Новосибирск облысының еңбек департаментінің маманы Татьяна Полонинаның пікірінше, Қазақстандықтарға негізінен түрғын үй мәселесін шешіп беретін жұмыс берушілер қажет, ал мұндай бос жұмыс орындары болған жоқ-дейді Татьяна Полонина.
Екі жақта да кәсіби біліктілігі жоғары дәрігерлер, инженерлер және мұғалімдер жетіспейді,-деген мәлімет бар. Бірақ, Қазақстанмен шектесетін Ресей облыстарындағы кәсіпорындар ұсынатын еңбекақы, Қазақстан облыстарымен салыстырғанда көп емес көрінеді. Мәселен, кәсіби біліктілігі жоғары акушер гинекологтар мен ауыл шаруашылық мамандары Ресейге де Қазақстанға да қажет. Бірақ, Қазақстанда тура сондай мамандықпен істейтін жұмыскерлердің еңбекақысы Ресеймен салыстырғанда көбірек,-дейді Павлодар облысының жұмыспен қамту департаментінің маманы Айгүл Таржакаева.
Ресейдің Новосибирск облысының еңбек департаментінің маманы Татьяна Полонинаның мәліметінше, бұл облыста дәрігерлер, агрономдар, зоотехниктер және тағы басқа жоғары білікті мамандар жетіспейді. Ал ең жоғары деген еңбекақы 3 мың рубль немесе 100 доллар шамасында.
Еңбек нарығындағы шараларға Қазақстан мен Ресейдің бюджеттерінен қосымша қаражат бөлінбейді. Барлық ақпарат жұмыспен қамту департаменттеріне электронды пошта арқылы ұсынылады. Онда жұмыс берушінің мекен жайы, жұмысшыларға қойылатын талаптар, еңбекақы көлемі мен әлеуметтік сұрақтар туралы ақпарат көрсетілген. Екі қолына жұмыс таппай жүрген, еңбек және әлеуметтік департаменттерінде тіркелген Қазақстандықтардың өкілдерінде бос жұмыс орындарға қатысты өзіндік пікірлері бар. Оны ойланып көру керек, отбасыммен ақылдасу керек. Меніңше дұрыс деп ойлаймын. Қазір жұмыссыздар көп. Қазақстан азаматтарына жұмыс тауып бермей Ресейліктерді қайтеді. Қазақстанның кәсіподақтар қауымдастығының еңбек инспекциясы департаментінің директоры Валерий Кожевниковтың пікірінше, Қазақстанмен Ресейдің шекарасына іргелес жатқан облыстар екі жаққа да жұмыс орындарын ұсынуға шамасы жетеді.
Болашақта көршілес облыстардың жұмысмен қамту департаменттері пікір алмасу мақсатымен кезекті келіссөздер жүргізуді жоспарлап отыр.