Accessibility links

Бүгінгі Шешенстан Президентінің саясаты Мәскеу үшін бас ауруға айналуы мүмкін.


Шешенстанның бүгінгі мәскеушіл президенті Ахмад Кадыров осынау тұрақсыздық жайлаған беймаза республиканы Ресей әскерімен Шешенстандағы полиция күшімен басқарып отырғаны аян. Жергілікті халықтың айтуынша Кадыровтың арнаулы полиция жасақтары жауыздығы жөнінен Ресей солдаттарынан да асып түсетін көрінеді. Ал, талдаушылар болса осы арнаулы полицияның жүгенсіздігі Мәскеу үшін Шешенстанда тағы бір бас ауыру тауып беруі мүмкін дейді.

Осы апта басында Шешенстан қауіпсіздігін қамтамасыз етемін деп сөз берген мәскеушіл Шешенстан президенті Ахмад Кадыровтың полиция жасақтары Шешенстан қауіпсіздігіне алдымен өзі қатер төндіріп отыр делініп отыр. Ресей ішкі істер министрлігінің айтуынша Шешенстанда өткен жылы 600 кісі жоғалып кеткен яғни ұрланған. Олардың небары 51 ғана азат етілген. Енді сол 600 кісіні кім ұрлады десек ұрлаған Шешенстан қауіпсіздігін қамтамасыз етемін деп сөз беріп отырған президент Кадыровтың өз полициясы делінеді. Бұл полиция жасақтары негізінен бұрынғы қолдарына қару алып майданда қан төккен көтерілісшілерден құралған көрінеді. Олар соғысқа машықтанған және мұздай қаруланған делінеді. Және 4000 жауынгерден тұрады делінеді. Ол 4000 мұздай қаруланған арнаулы полиция жасағын президент Кадыровтың өз баласы Рамзан Кадыров басқарады. Мәскеудегі Карнеги орталығының маманы Алексей Малашенко:

" Жергілікті халық бұл жасақтардан Ресей арнаулы жасақтарынан де бетер қорқады" дейді талдаушы.

Малашенконың пікірінше Шешенстандағы Ресей әскері Кадыровтың арнаулы полиция жасағына қарсы. Өйткені Кадыров жасағы өз кезінде марқұм Жохар Дудаев құрған әскер үлгісінен аумайды. Шешенстандағы Ресей әскері Кадыров Ресейден тәуелсіз Шешанстан саясатын тағы да жүргізе бастады деп біледі. Алайда талдаушы бүгінгі Шешенстанды басқарып отырған Кадыров емес Ресей әскері дейді:

"Бұл жүйе түгел Ресейге тәуелді, материалдық тұрғыдан да, әскери тұрғыдан да" дейді талдаушы Егер де ол жерден кәзір Ресей әскері кетер болса онда Шешенстандағы билік қағаз үйшіктей үп еткен желге шыдамай ұшып түседі деп біледі талдаушы Малашенко. Кремль қауіпсіздікті қамтамасыз етеміз деп қаншама әуреленгенімен Шешенстанда әлі де тұрақтылықтың ауылы алыс болып отыр. Тек ғана бір сәрсенбі күннің өзінде Шешенстанда 7 орыс солдаты опат болып 14 жарақаттанды.
XS
SM
MD
LG