Иордания патшасы Абдулла АҚШ президенті Дж.Бушпен Вашингтонда сәрсенбіге белгіленген кездесуін кейінге қалдырды. Екі жақты келіссөз мамыр айының басында өтуі ықтимал. АҚШ-тағы Иордания елшілігінің хабарлауынша, кейінге қалдыру Таяу Шығыс жанжалын үйлестіруге деген Вашингтонның ұстанымын анықтауға мүмкіндік береді. Өткен аптада Дж.Буш: Израиль Иордан өзенінің Батыс жағалауындағы жердің бір бөлігін өз қарамағында қалдыра алады деп мәлімдеген болатын.