Польша елі өз жасақтарын Ирақтан әкетуді сөз еткен де емес және ол туралы әңгіме қозғамайды да.
Бұл жөнінде өкімет өкілдері айтуда. Ирақта қазір 2400-дей поляк жасақтары тұр. Испания, Гондурас және Доминикан республикасының өз жасақтарын Ирақтан әкететіндіктерін мәлімдегені белгілі.