Строның БиБиСи радиосына айтуынша, БҰҰ қауіпсіздік кеңесінде бұл мәселеде өзара мәмілеге келетіндей жағдай бар. Сондықтан мамырда бірер шешімге келуі мүмкін деп сенді ол.. Сондай-ақ БҰҰның Ирақтағы арнайы елшісі Брахимидің Римде тұрып айтуынша, Ирақ егемендігі жөніндегі ол құжат жақын күндерде әзірленіп, мақұлдануы мүмкін.
Бірақ Британия сыртқы істер министрі Басра қаласында болған кешегі бомбы жарылыстары Ирақтағы жағдайды өте қиындатып жіберді, дейді. Басрадағы полиция үйі алдында болған бомбы шабуылында кемінде 68 кісі қаза тапты. Көбі балалар. Ал Фаллуджада сәрсенбі күні болған шайқаста Ирақтың 36 бүлікшілі өлтірілгeн . АҚШ әскерилерінен үш адам жараланған
Британия сыртқы істер министрі Джeк Строның айтуынша, Ирақтың егемендік мәртебесі жөнінде БҰҰның жаңа қарары бойынша мамыр айында келісімге қол жеткізілуі мүмкін.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Зумретай Аркинмен сұхбат
"Қытайға экстрадицияланған ұйғырлар ұшты-күйлі жоғалады"
-
Сайлау қорытындысы
Билеуші партия жеңгенін жариялап, оппозиция мойындаудан бас тартты
-
Грузиядағы парламент сайлауы
"Грузин арманы" жеңіп жатыр, оппозиция сайлау нәтижесін мойындамады