2002 жылы жаңадан қабылданған «Саяси партиялар туралы» заңнан кейін қайта тіркеуден өтпеген төрт партия ресми түрде үстіміздгі жылдың көкек айының 15-де ғана жабылды. Яғни осы уақытқа дейін екі жыл бойында ол партиялар ресми партия деген атауын сақтап келген. Жабылған төрт партияның бірі «Қазақ елі» партиясын басқарған Мәжіліс депутаты Ерасыл Әбілқасымов аталған партиялар билікке қарсы оппозициялық партия болғандықтан, әділет министрлігі бұл партияларды күшпен жауып отыр дейді.
Мәжіліс депутаты Ерасыл Әбілқасымов, сонымен қатар, алдағы уақытта ресми тіркелген бір саяси партия да жабылу алдында деп мәлімдеді. Оның сөздеріне сүйенсек, әділет министрлігі аталған партияны жабу үшін тиісті құжаттар дайындап жатқан көрінеді. Ол – Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты Серікболсын Әбділдин жетекшілік ететін Коммунистер партиясы. Аталған партияның «Саяси партиялар туралы» заңға қайшы келетін тұсы – оның мүшелерінің санында емес. Алматы және Астана филиалдары жаңа заң бойынша қайта тіркеуден өтпеген көрінеді. Ерасыл Әбілқасымовтың айтуынша, Астана филиалының мөрі мен құжаттарында бүгінгі күнге дейін 1998 жылы тіркелген Коммунистік партияның Ақмола облыстық филиалы деп жазылған. Ал «Саяси партиялар» туралы жаңа заң бойынша барлық саяси партиялардың өкілдіктері ресми қайта тіркеуден өтуі керек дейді Ерасыл Әбілқасымов.
Коммунистер партиясының жетекшісі, Мәжіліс депутаты Серікболсын Әбділдин болса қайта тіркеуден өтер кезде Әділет министрі Оңалсын Жұмабеков бұрыннан тіркелген партияларға өкілдіктерінің қайта тіркеуден өтуінің қажет жоқ деп ресми мәлімдеген дейді.
Әділет министрлігі ресми түрде жойған төрт партияның бірі «Азамат» партиясын басқарған қазіргі Демократиялық таңдау халықтық партиясы саяси кеңесінің мүшесі Петр Свойк өзі басқарған партияның жабылғанына ешқандай өкініш білдірмейтіндігін айтады. Себебі «Азамат» партиясының жалғасы деп қазіргі өздері құрған Қазақстанның демократиялық таңдауы халықтық партиясы деп айта аламын дейді Петр Свойк.
Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты, жаңадан құрылып жатқан тағы бір коммунистік «Еңбек» партиясының мүшесі Ерасыл Әбілқасымов жаңадан қабылданған «Саяси партяилар» туралы заңға қарсы ұйым құратындығын мәлімдеді. Ол ұйымның мақсаты аталған заңда «партияның қолы 50 мыңнан кем болмауға тиіс» деген бапты жою дейді. Ал қазіргі ресми тіркеуден өткен он саяси партияның тізімдері жалған дейді Ерасыл Әбілқасымов.
Мәжіліс депутаты Ерасыл Әбілқасымовтың саяси партиялар туралы заңға қарсы ұйым құрамын дегеніне байланысты Парламенттегі «Отан» фракциясының мүшесі Серік Әбдрахманов партияның мүшелігі 50 мың болуы тиіс дегеннен партиялардың беделі артпайды дейді. Сонымен қатар Серік Әбдірахмановтың айтуынша, қолынан келсе аз ғана мүшесі бар саяси партияның өзі қоғамға үлкен өзгерістер алып келе алады. «Кезінде асып кетсе мыңдаған ғана мүшесі бар большевиктер партиясы 1917 жылы империяны күйретті. Осыны біз ұмытпауымыз керек»,– дейді Серік Әбдірахманов.
Қазақстанда тағы да үш саяси партия ресми тіркеу алдында тұр. Олардың жетекшілері әділет министрлігіне тіркеу құжаттарымызды әзірлеу үстіндеміз деп мәлімдеуде. Олар – Коммунистік «Еңбек» партиясы, Қазақстанның Демократиялық және «Абырой» партиялары.