ЛОНДОН: Ұлы Британияның қорғаныс министрлігі Ирақтағы әскери тұтқындарды британдық жауынгерлердің қорлағаны бейнеленген жасанды фотосуреттерді тергеудің барысында бір әскеридің тұтқынджалғанын хабарлады. Әлгі жалған фотосуреттер Ирақтағы тұтқындарды АҚШ жауынгерлерінің қорлағаны туралы сол сияқты суреттердің шығуы артынша “Дэйли миррор” газетінде жарық көрді. Осы суреттердің салдарынан газеттің бас редакторы Пирс Морган қызметтен кетті.