Accessibility links

Мамырдың 21 күні шешен-ингуш халықтарының Қазақстанға зорлықпен жер аударылып келгеніне 60 жыл толуына арналған конференция болып өтті.


Бұл басқосуға қатысушылар Біріккен Ұлттар Ұйымына хат жолдап, ЮНЕСКО құғын-сүргінге ұшыраған халықтардың жасөспірімдеріне қамқорлық көрсетсе деген ұсыныс жасалды.

1944-ші жылы шешен-ингуш халықтарын күштеп көшіргенде Қазақстанға 500 мыңдай адам келген. Олардың арасында Мариям Магамадованың ата- анасы болған.

Мариям Магамадова, шешен-ингуш қауымдастығының мүшесі:

- Алғашында бізді Шамалған ауылына көшірген,1958 жылға дейін біз сол ауылда тұрдық, соңынан Алматыға көшіп келдік. Ал 1993 жылы Грозныйға көшіп кеткен болатынбыз. Бірінші соғыста біздің үйіміз аман қалды, тек автокөлігіміз өртенді, соңынан үйіміз өртеніп кетті. Қазіргі кезде Алматы маңында тұрамыз, үйіміздің едені жоқ, құмырсқа көп, жағдаймыз нашар, бірақ амал жоқ.

Мариям апай енді Шешенстанға бармаймын,балаларым, немерелерім аман болу үшін отбасымызбен осында қаламыз, дегенді айтады. Қазіргі кезде, Мариям апай 62 жаста. Балалық шағында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен бір мектепте оқығанын айтып, мақтан тұтады.

Мариям Магамадова, шешен-ингуш қауымдастығының мүшесі: -Мен Нұрсұлтан Назарбаевпен бір мектепте қазақша оқыдым ғой. Қазір Нұрсұлтан Назарбаев мені танымайтын шығар, бірақ апайлары жақсы біледі.Мен оған өзім тисіп, мазасын алушы едім, себебі мен бұзық болдым балалы шағымда. Негізінен ол жақсы бала болатын. Егер Нұрсұлтан Назарбаев мені таныса, мен президент арқылы әлеуметтік мәселемді шешер едім,-дейді Мариям Магамадова.

Мариям Магамадова, шешен-ингуш қауымдастығының мүшесі:

- Нұрсұлтан Назарбаев мені танымайды ғой, ол кезде қаншама қыз болды, қанша бала болды, есінде жоқ шығар. Егер мені таныса, ол маған көмектесетін еді. Мен оған жатаханадан бір бөлме алып берші, деп айтар едім.

Қазақстанда мекендейтін шешен-ингуш қауымдастығының жетекшілері республикада тұратын қандастарының әлеуметтік мүмкіндігінен бұрын құқықтық жағдайына алаңдайды. Қазақстан Халықтары ассамблеясы төрағасының орынбасары Сергей Терещенко республикада тұратын халықтардың құқығы толығымен қорғалып, ешкім шектеу көріп отырған жоқ дегенді айтады.

Қазақстандағы шешен қауымдастығының мүшесі, саясаткер Аманшы Гунашевтың пайымдауынша, заң жүзінде барлығы дұрыс, алайда іс жүзінде жағдай басқаша болады.

Аманшы Гунашев, шешен-ингуш қауымдастығының мүшесі, саясаткер:

- Ата заң талаптары бойынша, барлығы дұрыс, бірақ бұл заңды іске асыру барысында мемлекеттік шенеуніктер қызмет бабын пайдаланып, заңды бұзады, біз арнайы зерттеу жүргіздік. Зертеу нәтижесінде мұндай пікірді Қазақстанда тұратын халықтың 80 пайызы растады.

60 жыл бұрын зорлықпен Қазақстанға көшіп келген шешен-ингуш халықтарының конференциясына Қазақстанның ЮНЕСКО-дағы елшісі Олжас Сүлейменов құтыққтау хатын жіберген. Бұл хатта көтерілген мәселе бойынша, шешен ингуш қаумдастығы Біріккен Ұлттар Ұйымына хат жолдайды, - дейді Аманшы Гунашев.

Аманшы Гунашев, шешен-ингуш қауымдастығының мүшесі, саясаткер: -Олжас Сүлейменов өз хатында әлемде этникалық соғыстар көбейіп отыр, Біріккен Ұлттар Ұймы осыған тиым салса, деген ұсыныс жасаған. Біз енді осы ұсыныстың негізінде Біріккен Ұлттар Ұйымына хат жолдаймыз.

Жоспар бойынша, бұл хатты Қазақстанда туратын Шешен-ингуш қауымдастығы дүйсенбі күні жібереді.
XS
SM
MD
LG