Accessibility links

Араб елдерінің Лигасының саммиті демократиялық реформаларды жүзеге асыру туралы міндеттеме және Израиль-Палестина жанжалына байланысты декларация қабылдаумен аяқталды.


Жексенбі күні Тунисте Араб елдерінің Лигасы шеңберіндегі мемлекет басшыларының 2 күндік бас қосуы демократиялық реформаларды жүзеге асыру туралы міндеттеме және Израиль-Палестина жанжалына байланысты декларация қабылдаумен аяқталды. Құрамында 22 мүше мемлекеті бар Араб елдерінің Лигасы араб мемлекеттерінде саяси, әлеуметтік-экономикалық және білім беру саласындағы реформаларды алға жылжыту туралы жоспар қабылдады және Таяу Шығыс жанжалын үйлестіруде халықаралық заңдардың ережелері мен БҰҰ-ының Қарарларын бұлжытпай орындауға шақырды.
XS
SM
MD
LG