Үндістандағы Ұлттық Конгресс партиясы көсемдерімен келіссөзінен кейін премьер-министр Манмохан Синх өз үкіметінің кезекті мүшесін тағайындады. Гарвард университетін бітірген Паланиапан Чайдамбарам 1996-1998 жылдары отырған қаржы министрі лауазымына қайта тағайындалды. Осы лауазымда отырғанында Чайдамбарам еркін нарықтық қатынастарды қорғаушы әрі Үнді экономикасын еркіндікке жіберген жетекші ретінде танылды.