АҚШ президенті Дж.Буш Ирақтағы билік өтпелі үкіметтің құзырына 30 мауымда беріледі деп мәлімдеді. Пенсильвания штатында сөйлеген сөзінде Дж.Буш қажет болғанша АҚШ әскері БҰҰ-ының мақұлдауымен және халықаралық күштердің құрамында Ирақта қалады деп мәлімдеді. АҚШ президентінің мәлімдеуінше, сондай-ақ АҚШ жауынгерлері әскери тұтқындарды қорлаған Ирақтағы Әбу-Грайб түрмесі жойылады.