Қазақстанда жүріп жатқан сайлау қарсаңындағы саяси бәсекенің көрігін қыздырушыларды енді сол сайлаушылардың белсенділігі қызықтыра бастады. Ресми билік емес, бұл ретте өздерінің айтуларына қарағанда, саяси күштер ертеңіне қатты алаңдаушылық білдірулерінің басты себебін сайлаушылардың негізгі бөлігінің, соның ішіндегі қазақтілділерінің саяси белсенділігінің төмендігінен іздеп отыр.
Олар мұны ресми биліктің партиялары өз пайдаларына шешіп кететінінен қауіптенеді.
Қазақстандағы әсіресе, оппозициялық саяси күштердің сайлаушылардың негізгі бөлігін құрайтын қазақтілді топтың белсенділігі төмендігі жөніндегі пікірді демограф-ғалым Мақаш Тәтімов ғылыми тұрғыда дәйектегенін айтады. Оның ойынша бұл жағдайды билік өз пайдасына оңтайынан шешуі әбден мүмкін дейді.
Алайда, мұнымен саясаткер Дос Көшім келіспейтіндігін білдіріп отыр. Мәселенің мәнісіне терең бойлай алмаған оппозициялық саяси күштердің қазақтілді сайлаушылардың белсенділігі төмен деуіне еш негіз жоқ дейді ол. Д.Көшім мұның сырын орыстілді саясаткерлердің қазақ сайлаушыларымен тіл табыса алмай отырғанынан іздейді.
Ал, «Отан» партиясы төрағасының кеңесшісі Болатхан Тайжан Қазақстандағы қазақтілді сайлаушылардың дені президенттік партиялардың жағында болғандықтан да алдағы сайлауларда әсіресе, «Отан» партиясының сөзсіз жеңетіндігін айтады.
Дегенменде, саясаткер Сейдахмет Құттықадам қазақтілді сайлаушылардың түптеп келгенде биліктің сөзін сөйлей қоймайды деген пікірде. Қазақтілді сайлаушылардың да басқадан ерекшелігі осында дейді ол.
Сөйтіп, қазақстандық саяси күштер мен саясаткерлер енді өз сайлаушыларының әлеуметтік зердесі мен саяси белсенділігін осылайша зерттей бастады.