Норвегияда темекі шегуге тыйым салу заңы бүгін күшіне енді. Бүгін түн ортасында бүкіл елдегі мейрамханалар мен барларда шылым тартушылар соңғы рет темекісін аузыдарына алды. Норвегия – қоғамдық орындарда темекі тартуды заңнан тыс жариялаған екінші мемлекет, Ирландия бірінші болатын. АҚШ-тың Калифорния және Нью-Йорк сынды бірқатар штаты мен қаласы темекі шегуге қарсы заң қабылдады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша, темекіден жыл сайын 5 млн-ға жуық адам немесе әрбір 6.5 секундта бір адам өледі екен.