Ирақ Басқарушы Кеңесі бүгін Ирақ президентін таңдады. Ол Гази Ал-Явер. Бұған дейін президенттіктен АҚШ мен БҰҰ ның Ирақтағы өкілі ұсынған Аднан Пачачи бас тартқан болатын. Ал, Гази Ал-Яверді болса Ирақтың Басқарушы Кеңесі қолдап шықты. Пачачи де президенттікке белгіленген Ал-Явер де сунит мұсылмандары. Бағдадтан соңғы келіп түскен мәлімет бойынша БҰҰ ның Ирақтағы өкілі Лағдар Брахими Гази Ал-Явердің президент болып таңдалуын мақұлдаған.
Президент болып таңдалып алынған Ал-Явери:
"Біз ирақтықтар Қауіпсіздік Кеңесінің шешімімен толық егемендікке ие болуды көздейміз" деді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Зумретай Аркинмен сұхбат
"Қытайға экстрадицияланған ұйғырлар ұшты-күйлі жоғалады"
-
Сайлау қорытындысы
Билеуші партия жеңгенін жариялап, оппозиция мойындаудан бас тартты
-
Грузиядағы парламент сайлауы
"Грузин арманы" жеңіп жатыр, оппозиция сайлау нәтижесін мойындамады