Accessibility links

Кеше мұнайды экспорттаушы елдердің өкілдері күніне өндірілетін мұнай көлемін ұлғайту жөнінде уағдаласты.


ОПЕК-тің президенті, Индонезияның энергетика министрі Пурномо Юсжианторо мұнай бағасының көтеріліп кеткеніне алаңдаушылық білдіріп, ұйым бағаның төмендеуіне шаралар қолданатын болады деп атап көрсеткен. -Біз қазіргі қалыптасып тұрған жағдайға алаңдаулымыз, сондықтан да жағдайды тұрақтандырып, бағаны қалыпқа түсіру жолында барлық шараны жасаймыз. Мұны қаншалықты қажет болғанға дейін жалғастыра беретін боламыз,-деген. Біраз күндерден бері әлемдік мұнай бағасы рекордты шегіне жетіп тұр. Бір баррелдің 40 доллардан асуы ғаламдық экономиканы тұрақтандыруға қауіп төндіреді. ОПЕК-тің ақпарат бөлімінің директоры Омар Ибрахим шілденің бірінен мұнай өндірудің күндік баррелін 25.5 миллионға, ал 1- тамыздан 26 миллионға жеткізу көзделіп отыр деген. ОПЕК елдері министрлерінің келесі кездесуі 21 шілдеде Венада өтетін болады.
XS
SM
MD
LG