Accessibility links

Ирақ егемендігі тізгінін аралық өкіметке тапсыру жөніндегі қарарды БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі мақұлдады.


Бұл құжат бойынша сондай-ақ, АҚШ-тың бастауындағы халықаралық күштерге Ирақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету тапсырылып отыр. Дауыс берген 15 ел де бұл құжатты бір ауыздан қоштап шыққан. Еуропа одағының басшысы Хавиер Солана : “Бұл-өте жақсы жаңалық. Тарихтың жаңа беттері ашылуда. Ирақтың жаңа өкіметімен әріптес болуға, өз үлесін қосуға Еуропа одағы да әзір”-, деді ол. Аталған қадамды Қытай елі қызу қуаттауда. Ол сондай-ақ, Ирақ економикасын қалпына келтіру ісіне өзінің қатысатындығын да мәлімдеп отыр. Сондай-ақ ол құжатқа “АҚШ пен Ирақтың қауіпсіздік бойынша әріптестігі” деген теңеу сөз де қосылған. АҚШ елбасы Джордж Буш бұл дауыс беруді “ Ирақ халқының тамаша жеңісі” деп бағалады. Британия өкімет басшысы Тони Блейр де жоғары баға берген.
XS
SM
MD
LG