Қазақтың әні Грузия, Малайзия, Литва, Филиппин, Кипр, Италия, Монголия, Мальта, Шри-Ланка, Финляндия, Чехия және Румыния тілінде орындалды. Шетелдік өнер жұлдыздары шырқаған қазақ әні былтырдан бері кейбір елдердің телеарналарында көрсетіліп, көпшіліктің сүйіп тыңдайтын әндеріне айналыпты. Астанада 2 күнге созылған қазақ әндерінің «Астана-2004» халықаралық байқауына қатысушылар осылай дейді.
10 маусым - қала күніне орай өткізіліп отырған халықаралық қазақ әндерінің байқауы осымен 2 рет ұйымдастырылып отыр. «Байқау мақсаты біріншіден, қазақтың ән өнерін әлемге паш ету болса, екіншіден өнер жұлдыздарының бір-бірімен етене танысып, шығармашылық байланыста болуы», - дейді байқауды ұйымдастырушылар. Шет елдерден келген әншілер қазақтың әнін өз тілдерінде орындап шықты. Бірқатар халықаралық байқаулардың жүлдегері литвалық әнші Оксана орындаған «Арман» әні өзіне қатты ұнайтынын айтып, бір шумағын орындап та берді. Оксананың Қазақстанға алғашқы келуі екен. Астана ұнағанын айтып, мүмкіндік болса тағы да келемін дегенді айтты.
Қазақ әні әлемнің 12 тілінде шырқалды. Алайда, байқауға қатысқандардың тек 2-3-уі ғана қазақ тілінде орындады. «Қазақтың ойы, қазақтың рухы әлемге танылғалы тұр, қайткен күнде де ол қазақтың әні. Әркім қазақ әнін өз тіліне аударып орындайтын болса, біз одан қашпай, қайта қуануымыз керек. Бұл үлкен қадам. Қазақтың әні тұрмақ, тілінің өзі қиын жағдайда тұр. Қаншама депутаттарымыз ана тіліне сатқындық жасап отыр», - дейді Қазақстан мен Қырғызстанның халық жазушысы, ақын Мұхтар Шаханов.
Өткен жылғы «Астана-2003» байқауының бас жүлдесін жеңіп алған Лука Сепенің репертуарынан орын алған «Назқоңыр» әні Италия жұртшылығының сүйіп тыңдайтын әніне айналған. Биылғы байқауға Лука Сепе қонақ ретінде қатысу үшін арнайы келіп, көрермендерге бірнеше ән тарту етті.
Сонымен 2 күнге созылған ән байқауы аяқталды. Бұл жолғы бас жүлдені Тұманбай Молдағалиевтің сөзіне жазылған Нұрғиса Тілендиевтің «Құстар қайтып барады» әнін өз тілінде орындап шыққан 23 жасар Грузиялық әнші Анри жеңіп алды.
«Әлемге танымал дыбыс жазу компаниясымен алдын-ала жасасқан келісім табысты аяқталатын болса, 12 қазақ әні жазылған компакт-диск жыл соңына қарай көпшілік қолына тиюі мүмкін», - дейді байқауды ұйымдастырушылар.