Сербияның премьер-министрі Зоран Джинджичке қарсы ұйымдастырылған қылмыстық іс бойынша сот процесі бүгін Белградта қайта жалғасады. Ең басты айыпталушы - “Легия” деген лақап аты бар Милорад Лукович мамыр айының басында полицияның қолына өзі беріліп, енді сотқа тартылып отыр. Сот Луковичті қорғауына дайындалу үшін оның адвокатына бір ай уақыт берген болатын.