АҚШ армиясының соғыс қимылдары барысында, соңғы тәуліктерде Ауғанстанның оңтүстігінде 20-дан аса тәліп пен “Әл-Қаида” сарбазының көзі жойылды. Ауғанстан армиясы өкілінің мәлімдеуінше, АҚШ әскерінің Урузған және Забуль өлкелеріндегі іс-қимылы нәтижесінде 70-ке жуық тәліп қаза болды. БҰҰ-ының бас хатшысы К.Аннан мен Қауіпсіздік Кеңесі Ауғанстандағы 11 қытайлық жұмысшы құрбан қылған шабуылға наразылық білдірді. АҚШ-тың Кабулдағы әскери өкілі Такер Мэнсегэрдің мәлімдеуінше, ауылдарда, әсіресе дауыс берушілерді тіркеу үрдісіне кедергі жасау мақсатында шабуылдардың қайталануы ықтимал.
АҚШ армиясының соғыс қимылдары барысында, соңғы тәуліктерде Ауғанстанның оңтүстігінде 20-дан аса тәліп пен “Әл-Қаида” сарбазының көзі жойылды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Зумретай Аркинмен сұхбат
"Қытайға экстрадицияланған ұйғырлар ұшты-күйлі жоғалады"
-
Сайлау қорытындысы
Билеуші партия жеңгенін жариялап, оппозиция мойындаудан бас тартты
-
Грузиядағы парламент сайлауы
"Грузин арманы" жеңіп жатыр, оппозиция сайлау нәтижесін мойындамады