Атом энергиясы бойынша Халықаралық агенттік – МАГАТЭ-нің бас директоры Мухаммад Әл-Барадидің мәлімдеуінше, Иранның МАГАТЭ-мен ынтымақтастығы тіпті қанағаттандырмайды. Оның айтуынша, Иран өзінің ядролық бағдарламасы жайында толық мәлімет беретін мезгілі келді. Оның артынша Иранның сыртқы істер министрі Камал Харрази Теһран өзінің ядролық бағдарламасы туралы МАГАТЭ-ге толық мәлімет берді деп мәлімдеді. Өз сөзінде министр Теһран МАГАТЭ-мен арадағы қарым-қатынасын әрі қарай жалғастырады деп атап көрсетті. МАГАТЭ басшылығы Иранды ащы сынға алатын Қарардың жобасын талдау үстінде.
МАГАТЭ-нің бас директоры Мухаммад Әл-Барадидің мәлімдеуінше, Иранның МАГАТЭ-мен ынтымақтастығы тіпті қанағаттандырмайды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Зумретай Аркинмен сұхбат
"Қытайға экстрадицияланған ұйғырлар ұшты-күйлі жоғалады"
-
Сайлау қорытындысы
Билеуші партия жеңгенін жариялап, оппозиция мойындаудан бас тартты
-
Грузиядағы парламент сайлауы
"Грузин арманы" жеңіп жатыр, оппозиция сайлау нәтижесін мойындамады