Accessibility links

Астанада Еуразиялық Экономикалық Қоғамдастықтың Интеграциялық Комитетінің кезекті отырысы өтуде


Маусымның 17-і күні Астанада Еуразиялық Экономикалық Қоғамдастықтың Интеграциялық Комитетінің кезекті отырысы Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Сауат Мыңбаевтің төрағалық етуімен өтуде. Интеграциялық Комитет отырысында 10-нан аса мәселе қаралмақ. Олардың ішінде Сырдария мен Амудария өзендерінің су-энергетикалық ресурстарын тиімді пайдалану жөніндегі өзара қарым-қатынасы, темір жол көлігі тасымалдарында біріңғай баға базасын жасау және басқа мәселелер бар.

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Сауат Мыңбаевтің айтуынша, Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың мемлекет басшыларының Кеңесінде кемінде екі келісімге қол қойылады деп жоспарланған. Интеграциялық Комитеттің отырысында ол құжаттарды маусымның 18-іне дейін дайындау көзделіп отыр.

Екі келісімнің бірі бағалы қағаздар айналымына қатысты және қатысушы елдердің осы саладағы заңдарды үйлестіру.

Қазіргі және басқа келісімдердің қабылдану тәртібі қалай болады. Осы мәселе де талқылануы керек. Мүмкіндігінше ертеңге қол қоюға дайын болуы қажет, деді Сауат Мыңбаев.

Талқыланатын мәселелер қатарында темір жол көлігінің тарифтері, бұдан басқа ортақ кеден тарифін кеңейту келешегі бар. Бірақ оның кейбір мәселелері де бар. Әлемдік сауда ұйымына ену туралы мәселеден өзара хабардар ету және жуық уақыттан бері талқыланып келе жатқан мәселе Сырдария су қоймасында су-энергетика консорциумына қатысты, дейді Мынбаев. Ал, Интеграциялық Комитеттің Бас хатшысы Грегорий Рапота еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың гидроэнергетикалық ресурстарға бұрыннан маңыз беріп келе жатқанын айтты.

Қырғыз және Тәжікстаннан Қазақстан мен Өзбекстан арқылы Ресейге электр қуатының ағылуы екінші жылға кетті. Бұл ортақ электр қуаты нарығын жасауға алғашқы қадам. Бұдан басқа бұл мәселелерді талқылау барысында гидроэлектр станасы құрылысында үлкен маңызды проблемаға тап болды. Бұл Орталық Азия мемлекеттері су-энергетикасын реттеуге байланысты үнемі жасып келе жатқан жұмыс. Біз қазір қандай ма бір үнемі жұмыс істейтін осы реттеуді іске асыратын тетік жасауды талқылаймыз. Әзірге ешқандай шешім жоқ. Бірақ талқылау деңгейінде, дейді Рапота мырза.

Маусымның 18-і күні Астанада Мемлекет басшылары деңгейінде Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың мемлекетаралық Кеңесінің отырысы өтеді. Аталған қоғамдастықтың құрамына Қазақстан, Беларусь, Қырғыз, Ресей, Тәжікстан елдері кіреді.
XS
SM
MD
LG