Accessibility links

АҚШ-тағы жеке-меншіктегі “Спейс Шип-1” зымырандық ұшағы тарихта тұңғыш рет жер атмосферасынан шығып, ғарыш кеңістігіне сапар шекті.


АҚШ-тың зымырандық ұшағы тарихта тұңғыш рет жер атмосферасынан шығып, ғарыш кеңістігіне сапар шегіп, Калифорния штатындағы шөлге ойдағыдай қонды. Өз бетінше ұшатын шағын зымыран “Ақ рыцарь” деп аталған үлкен ұшаққа бекітіліп, Лос-Анжелес қаласынан солтүстікке қарай 160 шақырым қашықтықтағы ұшу алаңынан әуеге көтерілді. Жобалық құны 20 млн. долларды құрайтын “Спейс Шип-1” зымырандық ұшағы – коммерциялық мақсаттағы ғарыш сапарының өміршеңдігін көрсетіп, ғарыштық туризмге жол ашып берді.
XS
SM
MD
LG