Accessibility links

Ақтөбе облысы әкімін қызметінен кетіру жөнінде қоғамдық комитет құрылды


Маусымның 23 і күні Алматыда, Ақтөбе облысының әкімі Ермек Имантаевты дереу қызметінен кетіру жөніндегі қоғамдық комитеттің құрылғандығын жария еткен облысқа белгілі кәсіпкер Марал Итеғұлов, саясаттанушы Жасарал Қуаныш-әлі, Диапазон газетінің құрылтайшысы Владимир Михайлов бастаған адамдар БАҚ өкілдерімен кездесіп, облыста орын алып отырған аса қиын қоғамдық саяси хал-ахуал туралы аитты. Жаңа құрылған қоғамдық комитет облыстағы осы жағдайды Республика басшылығының назарына және қазақстан жұртшылығының назарына ұсынуды жөн көріп Үндеу жария етіп отырғандықтарын жеткізді.

Үндеуде облыс әкімі Ермек Имантаев өзінің маңайына кілең жора жолдас, туыс туған, құда жекжаттарын жинағандығы, қоғамдағы жағдайға бейжай қарай алмайтын азаматтарды қудалау, құғындаудың жүріліп жатқандығы туралы айтылыпты. Сондай ақ облыстағы бұқаралық ақпарат құралдарының жағдайы да мүшкіл қалде екендігі мәселен тәуелсіз Диапозон, Эврика газеттерінің басына қара бұлт үйірілсе облыстағы ең танымал «Рика-ТВ» телеарнасы да қасіретті тағдырға ұшырады делінген.

Облыста жарты ғасырдай уақыттан бері жұмыс істеп келе жатқан материалдық техникалық базасы бар кооператив колледжі облыс әкімінің ұсынысымен бар болғаны 10 миллион теңгеден сәл асатын бағаға 20 жастағы ешкім білмейтін жұмыссыз жігітке сатылған. Ал ол кәспорынның шын бағасы неше миллондаған доллар еді дейді қоғамдық комитет мүшелері тағыда басқадай дерек мәліметтер келтірді. Жасарал Қуанышәлінің айтуынша облыста бұрын соңды мұндай басшы болмаған. Облыстағы құқық қорғау, сот, прокуратура бәрі бәрі әкім не айтса соны орындайды, кейбір аға буын өкілдері арасында осы 1937 жыл қайты оралып келе ме деген күдік қорқыныштары бар дейді ол. Біз осы Ақтөбе облысының әкімі Е.Имантаевты қызметінен кетіру жөніндегі комитеттің үндеуіне байланысты Ақтөбе облысының басшыларының қайсы бірімен хабарласпақ болғанымыз іске аспады. Біреуі орнында жоқ болды бірі радиодан журналист екенімізді біліп телефон трубкасын алмай қойды.

Ал осы Ақтөбе облысынан сайланған Парламент мәжілісінң депутаты Аманкелді Айталы болса бұл азаматтардың айтып жүргендерімен келіспеймін, үндеулерін қолдамаймын дегенді айтты. Алайда қоғамдық комитет мүшелері Ақтөбе жұртшылығы арасынан өздерін қолдайтын сан мыңдаған адамдардың қолдары қойылған құжатты әзірлемек ойда екендіктерін мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG