Фахд патшаның атынан сөйлеген сөзінде ханзада Абдулла: “Сол топтарға араласқан, алайда террорлық әрекеттері үшін ұсталмағандардың бәріне біз Құдай жолына қайта оралып, өздерінің қалыпты өмірлерін одан әрі жалғастыруына мүмкіндік беріп отырмыз. Бір ай ішінде осы мүмкіндікті пайдаланып, қолға өздері келіп түскендердің ісін біз Ислам шарттары-Шариғат заңдары бойынша қарайтын боламыз”-, деді ханзада Абдулла. Алайда, өздері берілгісі келмеген, әл-Қайда мүшелеріне қарсы қатаң шаралардың қолданылатындығын ол ескертті.
Сауд Арабия ресми өкілдері қарулы топтардың ішінде өз қатесін түсініп, қалыпты өмірге қайта оралғысы келетіндерге кешірімнің жасалатындығын мәлімдеп отыр.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Зумретай Аркинмен сұхбат
"Қытайға экстрадицияланған ұйғырлар ұшты-күйлі жоғалады"
-
Сайлау қорытындысы
Билеуші партия жеңгенін жариялап, оппозиция мойындаудан бас тартты
-
Грузиядағы парламент сайлауы
"Грузин арманы" жеңіп жатыр, оппозиция сайлау нәтижесін мойындамады