Бұл жөнінде БҰҰ жанындағы Атом энергиялық агенттігі басшысы ЕлБарадей Мәскеуге сапары барысында хабарлауда. “Ол жер қазір залалсыздандырылған. Иран ресми өкілдері бұл жер физикалық институт, кейіннен биотехнологиялық зерттеулер мен даму орталығына айналдырылады, деген еді”-деді ЕлБарадей мырза. Осындай тексерулерді жүргізуге мүмкіндік бергені үшін ол Иран басшылығына риза сезімін білдірді.