Accessibility links

Солтүстік атлантикалық әскери одақ НАТО Түркие астанасындағы өзінің 2 күндік саммитін аяқтады.


НАТО жетекшілігі Ирақтағы қауіпсіздік күштері және шегара сақшыларын дайындауға сондай-ақ, Ауғанстандағы бейбітшілік күштері санын көбейтуге келісіті.

Ыстанбұл университеті қауымы алдында сөйлеген кезінде, АҚШ президенті Буш ол шешімдер және НАТОның Таяу шығыс бейбітшілік үдерісіне орай орындамақ міндеттері жөнінде айтты.

- НАТО Ауғанстандағы қауіпсіздік шараларына көмектесіп жатыр. НАТО егемен Ирақ елінің қауіпсіздік күштерін дайындауға көмектеспек. Ыстанбұлда біз Таяу шығыстағы реформа маслесіне басты назарды аудардық. Себебі, халыққа әділ үкімет қажет. Лаңкестік азаттыққа жеткізбейді, - деді АҚШ президенті.

НАТО саммиті жұмысы кезінде президент Буш Түркияның Еуропа одағына кіруі қажет деген ойын айтты.

– Еуропалық ел ретінде Түркия Еуропа одағында тиісті орын алуына Америка сенеді. Сондықтан сіздердің бұл одаққа мүше болуларыңыз Мұсылман әлемі мен Батыстың өзара жақын байланысына негіз болмақ. Себебі, Түркия екі жақа да бірдей, - деген АҚШ президенті Буш.

Ауғанстан президенті Хамид Қарзай қыркүйектегі сайлау алдынан өз еліндегі 6500 халықаралық күштердің санын көбейтіп қауіпсіздікті жақсартуға арналған НАТО шешіміне риза екендігін айтты.

НАТО жетекшілері Одақтың бейбітшілік бағдарламасы әріптестік шараларында қатысатын елдер Тәжікстан жене Қырғызстан басшылығы, Ресей, Украиналық ресмилермен өзара пікір алмасты.
XS
SM
MD
LG