1954 жылы Қытай елінен Қазақстанға тың игеруге келген Фаузия Қажыгерейқызы таяуда өз замандастарымен бірге қазақ жеріне татар отбасыларының көш бастағанына 50-жыл толғанын атап өткен. Бізге берген сұхбатында тарихты тарқата бастаған Фаузия әже ата-бабаларының Семей қаласында тұрғанына тоқталып, қайда жүрсе де өздерінің салт-дәстүрлерін жоғалтпай, сақтағанын айтады. Алайда, татар жастарының ана тілін ұмытып бара жатқаны жанына батқан Фаузия әже Қазақстан мен Татарстан президенттері осы мәселеге ерекше назар аударса екен деген тілек айтты.
Ал, Алматыдағы татар мәдени орталығының жетекшісі Рауф Гариев болса, Қазақстан мен Татарстан президенттерінің достық қарым-қатынасы екі елдің бірлік пен ынтымағын арттыра берсе екен деген ойын жеткізді.
Алматыдағы татар мәдени орталығының жетекшісі Рауф Гариевтің сөзіне қарағанда, татар жастары интернет арқылы ғана « татар-информ » жаңалықтарын алып тұрады және « Жаңа ғасыр » телебағдарламасын көре алатындықтарына тоқталды.