Суданның сыртқы істер министрі Мустафа Осман Исмаилдың мәлімдеуінше, оның елі тынышсыз Дарфур өлкесіндегі араб милициясын қарусыздандыруға кірісті. Қарулы арабтар өлкедегі қара нәсілді фермерлерді қырып-жоюмен болды және БҰҰ-ының пікірінше, оларға гуманитарлық көмек беруге тосқауыл жасап келді. Одан бір күн бұрын Судан БҰҰ-ның Бас хатшысы К.Аннанға араб милициясын қарусыздандыруға уәде берген болатын.