Кеше Еуропа елдерінің лидерлері сейсенбі күні кешкісін Вена қаласының аураханасында дүние салған Аустрия президенті Томас Клестильмен қоштасты. 71 жастағы Томас Клестиль президент тағындағы 6 жылдық мерзімі аяқталып, бүгін – бейсенбіде билікті жаңа сайланған президент Хайнц Фишерге тапсыруға тиіс болатын. ЕуроОдақтың төрағасы, Италия премьер-министрі Сильвио Берлускони Клестильді Еуропа саясатының ірі тұлғасы деп атады.