Оқиғадан кейін ашуға булыққан топ сайлау комиссиясының бөлмесін бұзды. Негізінен шет елдіктерден тұратын 17 комиссия мүшесі, бүгін ертеңгісін тік ұшақпен батыстағы Герат қаласына көшірілді. Чахчаран соңғы кезде бірнеше рет жергілікті әскери қолбасшылардың басшылығына ауысып тұр. Президент Хамид Карзай шілде айының соңында Чахчаран аумағына шамамен 200 жауынгер жіберген.