Палестиналықтардың басқаруындағы Газа секторында бүгін жаңа қақтығыс орын алды. Палестиналық жауынгерлік топтар : “Ислам Джихад” және “Әль Ақса Мухаджерлер бригадасы” біріккен мәлімдеме жариялап, осы түні Израиль әскерлері олардың 3 адамын өлтіргенін жариялады. Хабарға қарағанда бұл 3 азамат өз кезегінде Газа секторындағы еврей қоныстарына шабуыл жасамақшы болған. Сол сиякты Израиль радиосы хабарлағандай Хан Юнис қонысында көтерілісшілер мен Израиль сарбаздары арасында қақтығыс болды. Мұнын салдарынан 1 палестиналық әйел қаза тапты және 3 басқа адам жараланды. Израильдің арнайы қызметімен байланысы бар деген күдікпен үсталған палестиналықтар отырған Газа қаласындағы түрмеге гранаталар тасталды. Абақтыда отырған 6 адам жаралы.