Бұл оқиға Ресейдің әскери базасы орналасқан Беларуссияның Ганцевичи қаласының маңында болды. Наразылық шеруі бүгін де жалғасты. Ресейлік ИТАР-ТАСС агенттігінің хабарлауынша, қамауға алынғандардың басым көбі босатылды. Алайда Ұлттық майдан партиясының жергілікті көсемі Павел Батуев заңсыз шеру ұйымдастырған үшін бүгін сотқа шақырылды.