Accessibility links

АҚШ-тың Федералдық зерттеу бюросы бір америкалықтың жасаған жалған бейнетаспасын зерттеуде.


Онда 22 жасар Бенямин Вандерфорд деген азамат өз басын Ирақ жауынгерлерінің “алып” жатқаны жөніндегі өтірік бейнені түсірген екен. Бұл таспа сенбі күні әл-Арабия теле арнасы арқылы көрсетілген еді. Содан кейін ғана таспаның жалған екендігі белгілі болған-ды. Сан Франциско қаласында тұратын бұл азамат осындай қадамы арқылы бұқаралық ақпарат бұлақтарына жалған мәліметтерді қалайша оп-оңай беруге болатындығын көрсеткісі келген екен. Осы таспаға байланысты қандайда бір қылмыстың жасалған, жасалмағаны әлі белгісіз-, дейді Федералдық Зерттеу бюросы.
XS
SM
MD
LG