Әзірбайжан әскерилерінен Ирақта 150 жауынгер бар. Ал Ауғаныстанда 120 сарбаз тіркелген. АШҚ-тың қорғаныс міністірі Бакуге Ауғаныстаннан келді. Онда ол 9 қазанда өтетін сайлаудың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты келіссөздер өткізді. Америка шенеуніктері қауіпсіздік шараларын ескере отырып Рамсфелдттің сапар бағытын толық хабарламай отыр.